|
23.12.2016 | 10:00
1849

Тұңғыш Президент қоры әлеуметтік мекемелердегі балаларға шырша мерекесін ұйымдастырды

Таңғажайып ертегілер әлеміне саяхат. Қазақстан Республикасы Тұңғыш президенті-Елбасының қоры Алматы қаласындағы әлеуметтік мекемелердегі балаларға арналған жаңа жылдық шырша мерекесін ұйымдастырды. Балаларға ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен арнайы мерекелік бағдарлама қойылып, ән мен би конкурстары өтті. Шағын сахналық кеш жиналғандардың көңілін көкке шалқытты.  

Тұңғыш Президент Қоры 2008 жылдан бері қолға алған шара осымен 8-ші рет өтіп отыр. Жылда мерекелік шыршаға 500-ге жуық бала жиналады. Олар қаладағы мектеп-интернат, балалар үйі, түзету орталықтарының, көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан. Жаңа жылдық шоуға жиылған әрбір бала арнайы сыйлыққа қол жеткізді. Ал, ойындарға белсенді қатысып, аяз-ата мен ақшақарға ертегісін айтқандар ерекше сыйлықтарға ие болды.

«Жылда біз балаларға жаңа бағдарламаны дайындаймыз. Арасында ерекше балалар болғандықтан іс-қимыл, әдемі киім киген кейіпкерлер, түрлі ән, би қойылымдары басты назарға алынады. Үздік киім, үздік өлең және үздік би номинациялары бойынша бағалы сыйлықтарымыз да бар», - деді  ұйымдастырушы Артур ЖҰМАШЕВ.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир