|
11.08.2017 | 11:22
1210

Түркияда жолаушылар автобусы өртеніп кетті

Түркияда жолаушылар автобусы өртеніп кетті. Оқиға Анталия-Стамбұл тас жолында болған. Қалыпты жылдамдықта жүріп келе жатқан автобус кенет отқа оранып, ішіндегі адамдар жан-жаққа жапа-тармай қашқан екен. Абырой болғанда, барлығы дін аман. Автобус ішінде біздің де отандасымыз болыпты. Ол оқиғаның қалай болғанын бізге ұялы телефон арқылы айтып берді.              

«Мен ұйықтап жатқанмын. Көзімді ашсам адамдар шулап жатыр. Бір жігіт қолымнан ұстап, тарта кетті. Жанымдағы сөмкем мен фотоаппаратымды ғана алып үлгердім. Сыртқа шықсам, автобус өртеніп жатыр екен. Біз өрттен алысқа кетіп қалдық. Өрт сөндірушілер келіп, тілсіз жауды ауыздықтады. Кейін, басқа автобус келіп, бізді жеткізіп тастады», - деді куәгер Юлия КОМОЖИНА.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир