|
27.12.2016 | 12:21
1520

Туроператорлар "Туристік қамқор" қорына кепілді қаржы салады

Жетінші қарашадан бастап туроператорлар "Туристік қамқор" қорына кепілді қаржы салуы керек. Әрбір туристен алынатын кепіл ақы мың теңгені құрайды. Еліміздегі 40 туристік компания аталған қордың мүшесі болып, тағы 25-і келісімшарт кезеңінде. Жыл соңына дейін барлығы "Туристік қамқор" қорымен жұмыс істейді. Аталған қор жауапсыз туристік компанияларды жауапқа тартады. Мысалы, 2010 жылдан бері шет елде дем алғысы келген 12 мың отандасымыз туристік компаниялардан зардап шеккен. Шығын сомасы 10 млн. доллардан асады.


«Туристердің екі түрі болады. Бірі туристік компания қызметін пайдаланса, екінші тобы өздері сапар шегеді. Ал, "Туристік қамқор" қорының басты мақсаты туристік компаниялардың әртүрлі жауапкерсіздігінен зардап шеккен, адамдарды елге қайтарып алу. Қорға жиналған қаржы соған жұмсалады. Әрі қарай туристік компания жауапқа тартылады»,- деді "Туристік қамқор" кооперативтік қорының директоры, Асылхан ЕСІЛОВ.
 


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир