|
27.01.2017 | 09:52
2128

Универсиада кезінде жарық пен жылудың тапшылығы болмайды

Универсиада кезінде жарық пен жылудың тапшылығы болмайды. Жарыс өтетін жерлерді қажетті энергиямен қамтамасыз ету үшін нөмірі екінші жылу электр станциясында 8 қазандық іске қосылған еді. Қазір барлығы 6 қазандық тұрақты жұмыс істеп,  екеуі  резервте тұр. Жаңа құрылыс нысандары көп салынып, тұтыну көлемі көбейседе ыстық су мен тоқты  қатар беруге қазандықтың қауқары  жеткілікті. Әмірболат Құсайынұлы жылу стансасының жұмысын өз көзімен көріп келді.

Жұртқа ыстық су мен электр тоғын қатар беретін жалғыз станса осы. Бірден екі қызмет түрін көрсетеді. Еліміздегі ең үлкені саналады. Таратушылардың сұранысы бойынша, қазір 406 МВт электр тоғын өндіріп отыр.Сағатына 6 мың тонна ыстық су қайнатып, қала құбырына жібереді. 

«Қазіргі кезде Универсиада кезінде осы екінші жылу орталығы толық дайындықта тұр. Жылу электр қуаты 600 килло калория шамасында. Универсиадаға,  күзгі-қысқы дайындық кезінде қослақы бөлшектер толық жөндеуден өткен. Қазір барлығы дайын тұр»,- деді 2-ЖЭО Өндірістік-техникалық бөлім бастығының орынбасары, Мұрат ОЛЖАБАЕВ.  

Ел абыройына имидж беретін жарыстық жоғары деңгейде өтуі де коммуналдық қызметтердің мінсіз  болуымен де тығыз  байланысты. Ол үшін арнайы жаңа қазандық салынып, күзден бері сынақтан өтті. Қазір универсиада өтетін  алып ғимараттар осы орталықтан келетін жарық пен жылу жүйесіне қосылған. 

«Универсиада нысандарын жылу, жарықпен қамтамасыз ету үшін арнайы заманауи жылу қазандығын қостық. Сонымен қатар, бұл алып қазандық қолжетімді баспана бойынша салынып жатқан көпқабатты пәтерлерді, индустриялды аймақтағы көптеген мекемелерге ыстық су береді»,- деді "Алматы электр станциялары" АҚ 2-ЖЭО басқарушы директоры, Фазоил САЛИМОВ.

Қала қысқы кезеңде 1 450 МВт электр қуатын қажетсінсе, оның 885 МВт осы электр стансаларына тиесілі. 500 гектар аумақта орналасқан орталық негізінен көмір жағады. Қыста қысылмас үшін 300 мың тонна Павлодар көмірі мен 13 мың тонна мазут қорын жинапты.  Алып орталықтың тоқтамай тоқ өндіруіне  жеті жүзге жуық адам жұмылса, олардың екі жүзі тәуліктік ауысыммен жұмыс істейді.

«Өте көп параметрлер бар. Ең негізгі параметр ол нагруска, қысым,  уревен, судың көлемі. И температруа. Осы негізгі параметрлер. Егер осы параметрлер істен шықса, біз алдын ала шешім қабылдаймыз»,- деді "Алматы электр станциялары" АҚ 2-ЖЭО машинисі, Елдос БЕКБОСЫНОВ. 

Тоқпен жылуды қатар өндіретін екінші орталықтан басқа қалада тағы екі станса бар. Қыста барлығы толыққанды жұмыс істесе, жаз мезгілінде қалғандары уақытша тоқтатылып, салмақ осы алып өндіріске түседі. Тапсырыс бойынша қазір 406 МВт тоқ өндірген алып стансаның қуаты 510 МВт-қа дейін жетеді.  Бұл қала маңында салынатын әліде көптеген құрылыс нысандарына қызмет көрсетуге қуатты деген сөз.

Әмірболат Құсайынұлы, Ялкунжан Әшімжанов, «Алматы» телеарнасы



Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир