|
19.01.2017 | 09:41
1655

Универсиада күндері қатысушылар мен еріктілерге арнап 700 000 кесе сүтті шай дайындалады

Алматыдағы Универсиада күндері қатысушылар мен еріктілерге арнап 700 000 кесе сүтті шай дайындалады. Жарыс кезінде спортшыларды, еріктілерді, төрешілерді, бапкерлерді, баспасөз бен басқа да қатысушылар ыстық шаймен қамтамасыз етіледі. 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиаданы дайындау және өткізу жөніндегі дирекциясы мен шай ұсынушы компания ынтымақтастық туралы мәмілеге қол қойды.


«Осыған дейін хабарланғандай, Универсиаданың ұйымдастыру комитеті ойындарды өткізуге барынша аз бюджеттік қаржыны жұмсауды өз алдына міндет етіп қойды. Жоспарланған бюджет дайындық барысында екі есеге дейін дерлік қысқартылды, ал бизнес өкілдері қатарынан демеушілер мен серіктестерді тартудың арқасында кезектегі бірқатар шығындарды төмендетуге мүмкіндік пайда болды»,- деді «Универсиада-2017 дайындау және өткізу жөніндегі дирекция» МҚ аппарат басшысы, Дидар САҒАДИЕВ.

 





Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир