|
02.02.2017 | 10:45
1279

Универсиада ойындарында мәнерлеп сырғанаушылар сынға түсті

Универсиада ойындарында мәнерлеп сырғанаушылар сынға түсті. Алматы аренада қыздар қысқы бағдарламасын көрсетті. Сайыста еліміздің намысын 3 ару қорғады. Үміт артқан спортшымыз Айза Иманбек бұл бағдарламада өкінішке орай, үздік үштіктен көріне алмады. Ол ондыққа ілінсе, ал өзге бұрымдыларымыз Жансая Адыханова 23, Вероника Шевелёва 24-ші орынды жайғасты.

«Үш айналым сальто, екі айналым тулуп болуы керек еді. Бірақ, өкінішке қарай сәті келмеді. Шын айтсақ өте шулы, өте ыстық қабылдағаннан кейін шығар білмеймін»,- деді Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының мүшесі, Айза ИМАНБЕК.

Жалпы, мәнерлеп сырғанауда 19 елден 30 спортшы бағын сынады. Соның ішінде қысқа бағдарламада өнер көрсетуде бірінші және екінші орынды ресейлік спортшылар иеленсе, үздік үштікте жапондық қыз ілінді. Ертең бұрымдылар еркін бағдарлама бойынша сайысқа түседі.

 


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир