Алматыда Ян Гейл жобасы бойынша өзгерістер тезірек іске асуы мүмкін

Алматыда Ян Гейл жобасы бойынша өзгерістер өзге Еуропа елдерімен салыстырғанда, тезірек іске асуы мүмкін. Бұл туралы шетелдік сәулетші Рикардо Марини мәлімдеді. Себебі, қаланың өзгеруіне әкімдік пен қатар  қоғам құлшына ат салысуда. Бұл қуантарлық жайт дейді урбанист. Жібек жолы көшесінде біздің ұсынысымыз бойынша жұмыстар қазірден басталып кетті. Егер жобалаушылардың берген есебі жуық арада жүзеге асатын болса, ол таңғажайып орынға айналады. 

«Біз көптеген жұмыстарды сараптадық. Оның ішінде қаладағы 22 саябақ бар. Кейбір жобаны іске асыру біз ойлағаннан да көп уақыт алуы мүмкін. Мәселен, үлкен көшелерге келсек, оларды өзгерту үшін ұзақ уақыт керек»,- деді "Gehl arhitects" директоры, Рикардо МАРИНИ.