|
28.12.2016 | 10:29
1226

Венгр антропологы Кейкі батырдың бет бейнесін қалпына келтірді

Венгр антропологы Андраш Жолт Кейкі батырдың бет бейнесін қалпына келтірді. Тиісті жұмыстар аяқталғаннан кейін мүсін Қазақстанға қайтарылады. Еліміздің  мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының айтуынша, қаңтар айында ДНК сараптамасы белгілі болып, батырдың сыртқы түрінің ерекшеліктерін анықтау мүмкін болады. Қазақстанның Орталық мемлекеттік мұражайының басшысы Нұрсан Әлімбайдың айтуынша, батырдың бет-бейнесін қалпына келтіру кезінде зақымданғаны белгілі болып, бірнеше кемшіліктер анықталды. Бірақ заманауи технологиялардың арқасында жұмыс екі айда аяқталған. «Ұқсастық дәрежесі 98 пайызды құрайды, яғни сыртқы келбеті сол батырға тән деп айтуға толық болады»,-деп атап өтті Нұрсан Әлімбай.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир