|
11.05.2017 | 11:03
1308

Зейнетақы қорындағы қап қаражатты қымқыру ісінде тағы бір фигурант пайда болды

Зейнетақы қорындағы қап қаражатты қымқыру ісінде тағы бір фигурант пайда болды. Алматы қалалық сотының мәліметінше, «МегаТрансАзия» серіктестігі директорының орынбасары Талғас Тұртаев та қаржы жымқырғандардың қатарында екен. Күдіктіге қатысты қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Соттың шешімімен ол 3 айға қамауға алынған. Есте болса, біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорының бұрынғы төрағасы Руслан Ерденаев 5 млрд теңгені бұқпантайлап, бас пайдасына жаратты деп айыпталып отыр. Ол өзінің нөкерлерімен бірлесіп, әлгі ақшаға «Бузгул Аурум» компаниясының облигацияларын сатып алған. Әккі амалға барғандарға қатысты тергеу амалдары әлі аяқталған жоқ. Сондықтан сот оларды абақтыда уақытша ұстау мерзімін тағы 1 айға ұзартқан.    


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир