|
30.01.2017 | 10:44
1331

Қала әкімі Венгрия Сыртқы Істер Министрлігінің мемлекеттік хатшысымен кездесті

Бауыржан Байбек Венгрия Сыртқы Істер Министрлігінің мемлекеттік хатшысы Иштван Миколамен кездесті. Тараптар сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланысты нығайту жөнінде пікір алмасты. Иштван Микола Венгрия жұртын Алматының туризм әлеуеті қызықтыру мүмкін деді. Себебі осы жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан 56 мемлекетке 30 күнге дейін визасыз кіру мүмкіндігін ашты. Солардың қатарында Венгрия да бар. Алдағы 28 Дүниежүзілік қысқы универсиадаға Венгрия елінің құрамасы спорттың 3 түрінен бағын сынамақ. 

«Дүниежүзілік Қысқы универсиаданы өткізу тек Алматы үшін ғана емес, бүкіл Қазақстан үшін маңызды, беделді. Біз бұл ойындарға мықты құрамамен келдік. Әсіресе, конькимен жүгіру спортынан медальден үміттіміз»,- деді Венгрия сыртқы істер министрлігінің мемлекеттік хатшысы, Иштван МИКОЛА.  

Универсиаданың ашылу салтанатына арнайы келген қонақтарға қала әкімі шаһардың сан түрлі саладағы сипатын баяндап берді. Бауыржан Байбек 2016 жылдың 11 айында Алматы мен Венгрияның экономикалық байланысы 2015 жылмен салыстырғанда 27 пайыз өсімді көрсетіп, тауар айналымы 55,7 млн АҚШ долларынан асқанын тілге тиек етті. 

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

Прямой эфир