|
25.01.2017 | 10:43
1429

"Қара риелторлардың" ісіне қатысты тергеу уақытша тоқтатылды

"Қара риелторлардың" ісіне қатысты тергеу уақытша тоқтатылды. Алматы соты күдіктілердің бірі полиция қызметкерлері қыспаққа алуда деген арызынан кейін істі қарауды кейінге шегерді. Енді қалалық прокуратураға расында полицейлердің тарапынан өкілеттікті асыра пайдалану фактісін тексеруге тура келеді. Қаперде болса, өткен жылдың күзінде Алматыда ұйымдасқан қылмыстық топтың ұсталғаны жөнінде ақпар тарады. Олар адамдарды алдау, өлтіру, тонау фактісі бойынша қамауға алынды. Құрбандары егде жастағы қариялар мен ішімдікке салынған жалғызбасты қала тұрғындары болған. Тергеу материалдары бойынша, күдікті қылмыстық топ асқан қатыгездікпен адамдарды өлтіріп, жылжымайтын мүліктің құжаттарын иемденіп отырған. Сотқа тартылғандардың саны сегіз адам. 20 томнан асатын қылмыстық іс Алматы қаласының ауданаралық мамандандырылған сотына жіберілді.

«Алматы қаласының үш тұрғыны қылмыстық топтың құрбаны болды. Іс бойынша күрделі тергеу амалдары жүргізілді. Айтар болсақ, 28 сот экспертизасы, жылжымайтын мүлік және жеке мүлікке қатысты  250-ден аса құжат зерттелді. 100-ден аса куәгер тергелді»,- деді Алматы қаласының прокуратура басқармасының аға прокуроры, Жасұлан ҚОНАРБАЕВ.

 




Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир