|
12.05.2017 | 10:34
1381

Қазақ намысын Англияда қорғауға аттанған қос боксшымыз салмақ өлшеу рәсімінен өтті

Қазақ намысын Англияда қорғауға аттанған қос боксшымыз салмақ өлшеу рәсімінен өтті. Енді чемпиондық атақ үшін таласқа еш күмәнсіз түсе алады. Қазір тұманды Альбионда бас алмай шынығып жатқан Ернар Ешенов пен Александр Журавский соңғы дайындықтарын пысықтап, шаршы алаңда қарсылас жапыруға тас-түйін дайын отыр екен. Мұны отандық промоутер Алтынбек Нұрдәулетов мәлімдеді.

«Біз Алматыда да біраз уақыт дайындық үстінде болдық. Одан кейін, мына Англияның Саутгемптон қаласында да біраз дайындалдық. Өте жақсы. Жігіттеріміз қазақша айтқанда сақадай-сай. Біз ресми түрде салмақ өлшеу дәстүрінен өттік. Боксшыларымыздың барлығы дұрыс өтті. Біздің жігіттер 12 мамыр күні сайысқа шығады деп ойлап отырмыз. Қарсыластары келді. Өте керемет жігіттер екен, көрдік. Бұл жерде де, Англияға келген бетте де шетелдік промоутерлер біздің жігіттерге көздері түсіп, қызығып, келісімшартқа отырайық, жарыстар болса, бірге жүрейік деген үлкен үміттерін артып отыр. Америкада өзіміздің 1-2 промоутер бар. Олар да шақырып жатыр. Оның барлығы енді 12 мамыр күні біздің жігіттер жеңіске жетсе, Алла бұйырып, бақтары ашылса, содан кейін көре жатармыз. Енді жоспарымызда бар шетелде промоутерлермен жұмыс істеу. Оның бірі жаңа да айтып отырмын Англия, екіншісі Америка», - деді  «Alban» промоутерлік компаниясының президенті Алтынбек НҰРДӘУЛЕТОВ.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир