|
05.01.2017 | 10:54
1599

Қазақстанда 25 зорлық, 108 ұрлық фактісі тіркелген

Өткен демалыс күндері Қазақстанда 25 зорлық, 108 ұрлық фактісі тіркелген. Сондай-ақ, көктайғақтан мертігіп қалғандар көбейген. Оның дені травматология бөліміне түскен науқастар. Қазірдің өзінде жедел жәрдем қызметіне жүгініп жатқандар саны азайған жоқ. 


Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің ақпары бойынша соңғы 4 күнде республика бойынша үш мыңға жуық құқық бұзушылық тіркеліпті. Оның 12-сі кісі өлімі болса, 25-і зорлық, 108-і ұрлық, 300-ге тарта бұзақылық әрекеттер жасалған. Сондай-ақ, қалада мейрам күндерінен кейін түрлі жарақат алып, майып болғандар саны күрт артқан.


«Былтырғы жылға қарағанда биыл науқастар өте көп келіп түсті. Мысалы, биыл 1038 науқас қаралса, былтыр бізде 766 науқас қаралды. Соның ішінде жарақат бөліміне 241 науқас  келіп көрінсе, оның 15-і жатқызылды. Биыл ол бір жарым есе көбірек келіп түсті науқастар»,- деді Бақтияр БЕКІШЕВ.


Былтырғымен салыстырғанда №7 қалалық клиникалық ауруханасында пиротехникадан зардап шеккендер анағұрлым аз. Өткен жылы 15 адам отшашудан жарақат алса, биыл тек 3 адам ғана жедел жәрдемге жүгінген. Ал, аса ауыр зақым алғандар жоқ.


«Менің әйелім науқастанып алып келдім. Қазір анализдерін тапсырып, көмек көрсетіп жатыр»,- деді Әділхан ТӘЖИЕВ.  


Ал, керісінше қалалық шұғыл көмек көрсету ауруханасының токсикология бөлімшесіне түскен пациенттер көп. Дәрігерлердің айтуынша, келген науқастарды орналастыруға орын жетпей жатқан көрінеді. Дегенмен ақ халаттылар барын салып жатқандарын айтты.  


Назкен Байтілес, Рашид Шүкірәлиев, «Алматы» телеарнасы



Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир