|
29.12.2016 | 12:07
2233

Қазақстанда 500- ден аса көркем фильм түсірілген

Ұлттық идеология тамыры - кинода. Кино арқылы елдің рухын көтеріп, ұрпаққа ұлы құндылықтарды ұқтыруға болады. Халықаралық кино күні. Қазақстан егемендік алған жылдардан бері 500 ден аса көркем фильм түсірілген.


«Кино» ұғымы Парижде 1895 жылы пайда болды. Ағайынды Луи және Огюст Люмьер атты өнертапқыштар тұңғыш «жылжымалы фото» жасап, адамзат тарихының сенсациялық жаңалығын ашқан еді. Содан бері дүниежүзі бойынша киноиндустрия саласы қарқынды дами түсті. Ал, Қазақстан тарихындағы тұіңғыш кино  - ол Амангелді фильмі. Ленфильм киностудиясы түсірген туынды сол кезде тамаша тарих болды. Бүгінде, кинорежиссерлар кеңес дәуіріндегі кезеңдерді ерекше еске алады.


«Бізде де әртістер болған жоқ. Жалғыз әртісіміз болды. Ол Бақытжан Әлпейісов ол кезде ол жаңадан бастап жүрген. Сол гана болды қалғандарымыз өзіміз өзіміді ойнадық. Мысалы ауылдың адамдары ойнады өздерін өздері,, сол тірі өмірдің нышанын келтірдік»,- деді Суретші, режиссер, Сәбит ҚҰРМАНБЕКОВ.


Орта Азиядағы ірі киностудиялардың бірі саналатын «Қазақфильм», соңғы экономикалық дағдарыстарға қарамастан, жылына 10 көркем фильм мен 30 деректі және анимациялық фильмдер түсірген. Ал Тәуелсіздік алған жылдардан бері 500-ден аса көркем, деректі, қысқаметражды картиналар мен 117 толықметражды туындыны жарыққа шығарды.


«ТМД елдері бойынша біздің деңгей Ресейлік деңгеймен бірдей деуге болады. Сапа, мүмкіндік, технология, компьютерлік графика жағынан өте жоғары. Мысалы техникалық, графикалық жағынан өзбекстан, қырғызстан сияқты елдерден көш ілгеріміз»,- деді «Қазақфильм» АҚ эксперттік кеңесінің теңтөрағасы, Бекболат ШЕКЕРОВ.  


Не десек те, бүгінде қазақ киносы халықаралық, әлемдік деңгейдегі туындылармен иық  тірестіруге қауқарлы. Бүгінде Қазақфильмнің барлық туындысы халықаралық кино фестивалдеріне қатысып жүр. Өткен жылы Ұлттық киноматаграфия одағы тарапынан «Аманат» фильмі Оскарға ұсынылған болатын. Ал режиссер Ақан Сатайдың «Анаға апарар жолы» Мәскеуде көрсетіліп, Ялтада өткен кинофестивалде бас жүлдеге ие болды.


Назкен Байтілес, Қанат Кигізбаев, «Алматы» Телеарнасы



Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир