|
18.05.2017 | 11:14
1670

Қазақстанда білім сатылып жатыр

Қазақстанда білім сатылып жатыр. Оқу жылы аяқталар кезде ғаламтор беттерінде диплом сатылатыны туралы хабарлама көбейіп кеткен. Тіпті, сіз анау-мынау емес, мемлекеттік университеттің түлегі атануыңыз әбден мүмкін.  Жалған дипломның құны 90 мың теңгеден басталады. Ал, жоғары оқу орындарында тіркеліп, министрліктің тексерісінен өткендері 3 мың долларға дейін бағаланады. Тілші тарқатсын.

Антон Югай уақытында оқу бітіріп, білім алмағанына қазір өкінеді. Жоғары оқу орнындағы оқуын тастап кеткеніне налиды. Ал орта білім аттестатымен ол белді компанияларға жұмысқа тұра алмай жүр. 

«Жанұямды асырау үшін маған жалақысы жоғары жұмыс қажет. Ондай қызметке тұру үшін, әрине диплом сұрайды. Қазір оқу оқып жүргенімше, дипломды ақшаға сатып алғаным ыңғайлы»»,- деді Қала тұрғыны, Антон ЮГАЙ.

Антон секілді арзан білім алуға құмарлар жетіп артылады. Олар үшін маңызды білім емес, ресми құжат қана. Бүгінде, ғаламторда барлық жоғары оқу орындары мен мамандықтар бойынша диплом сатылатын білетін ол, қызметке осылай орналасуды көздеп жүр. Тіпті, адам жанымен арпалысуға тура келетін дәрігер мамандығын да оқымай-ақ игеруге болады екен. Ал, дипломдық жұмыстардың бағасы да әртүрлі. Мәселен, Мәскеу мемлекеттік университетінің түлегі атану үшін бар-жоғы 170 мың теңге қажет.

¤Білім, Ресейде ғана емес, Қазақстанда да саудаға салынады. Бірақ, біздің елдегі диплом сатушылар аса сақтықпен жұмыс істейтін көрінеді. Олар сайттары мен аккаунтында нөмірлерін көрсетпейді, тек әлеуметтік желі арқылы ғана байланысқа шығуға болады. Ал ақшаны аударуға келгенде, реквизиттерін парақшаға салып қояды. Жалпы алғанда, кадрлар бөлімінен басқа, жұмыс орнында дипломды ешкім де көрмейді. Әйтсе де, заңгерлердің айтуынша, жұмыс берушілердің көбі қазір мұндай қулықты ескеріп, құжаттың түпнұсқа не жалған екендігін анықтау үшін заң компанияларына жүгінеді. 

«Білім министрлігіне сұрау жіберіледі. Олар тексеріс жүргізеді. Демек, дипломда көрсетілген жоғары оқу орнын Білім және ғылым министрлігі тексереді. Ол түлектің расымен де сол оқу орнын тәмамдағаны, сынақ кітапшасы, экзамен тапсырған-тапсырмағаны, оқуға барған-бармағаны анықталады. Осының бәрі тексеріліп, бізге ресми жауап беріледі»,- деді Заңгер, Юлия ВЕРШИНИНА.

Қызметкердің дипломы жалған екені анықталса, онымен дереу қоштасуға тура келеді. Тіпті, жаза арқалап қалуыда ықтимал. Мұндай қадамға барғаны ол үшін 600 мың теңге ақшалай да төлем жасайды немесе 75 тәулікке қамалады. Ал жалған диплом сатушылардыңдың айыбы ауыр. Олар  2 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін.

Сая Меңдеке, Ромина Макаримова, Мұрат Тайжанов,  «Алматы» телеарнасы

 

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир