|
06.02.2017 | 11:25
1728

Қазақстанда жаңа технологиялар арқылы ота жасаудың тиімділігі артуда

Қазақстанда жаңа технологиялар арқылы ота жасаудың тиімділігі артуда. Алматыдағы Сызғанов атындағы Ұлттық хирургия ғылыми орталығында  жаңаша әдіс-тәсілмен жүрекшелер фибрилляциясына ота жасалды. Бүгінде әлемнің екі жарым пайызға жуық науқастары осы аурумен ауырады. Жүрекше фибрилляциясы - жүрекшелер жиырылуының  нашарлауымен бірге жүретін, координацияланбаған электрлік белсенділігімен мінезделетін қарынша үсті тахиаритмиясының бір түрі. Үш деңгейлі визуалдау жүйесі қан тамырлары арқылы жүректің ішіне әсер етуге мүмкіндік береді. Бұл ота түрінің артықшылығы да сол. 

«Бұл отаның басты ерекшелігі - бұл жүйе арқылы аритмияның басты механизмі жатқан өкпе көк тамырларына өте дұрыс электрлік изоляция жасауға жағдай туады. Аталған жүйенің арқасында соңғы жылдары асқыну деңгейі 1 пайызға төмендеген. Демек, мұндай ота жасау бүгінде қауіпсіз болып отыр. Алғашында бұл аритмияның параксизмальді түрімен ауыратын науқастарда оталардың орташа тиімділігі 70 пайызға жуық болса, қазіргі жүйе арқылы бұл көрсеткішті 90 пайызға дейін көтеруге мүмкін болды»,- деді А.И. Евдокимов атындағы МММСУ емханасының аритмологиялық қызметінің жетекшісі, Фархад РЗАЕВ.

Америка кардиологиялық қауымдастығының мәліметтері бойынша, жыпылықтағыш аритмия дертіне шалдыққандардың саны 2050-ші жылға дейін 2 есеге артуы мүмкін. Бұл ауруды емдеудің тәсілі көп - ол хирургиялық, интервенциялық әдістер. Ал гибритті технологиялармен ота жасау - жоғарыда аталған екі әдісті де қамтиды.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

Прямой эфир