|
26.07.2017 | 12:17
1489

Қазақстанда машина құрастыру 4 есеге ұлғайды

Қазақстанда машина құрастыру 4 есеге ұлғайды. Жарты жылда шығарылған темір тұлпарлардың құны 64,5 млрд теңгені құрады. Биылғы  жылдың қаңтары мен маусым айлары аралығында елде 8,6 мың бірлік көлік шығарылған. Бұл туралы Қазақстандық автобизнес Қауымдастығы хабарлап отыр. Ұйым таратқан мәлімет бойынша, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 6,4 көлікке артық. Маусым айында 21,1 млрд теңгені құраған 1,8 мың су жаңа көлік шығарылыпты.

Өндіріс өсімі жалпы нарық бойынша осы жылдың екінші жартысында байқалған. Барлық автомобиль мекемелерінен шығатын өнімдердің тұтас көлемі 2017 жылдың екінші тоқсанында 1,6 есеге артқан. Өнімдердің 90,1 пайызы жеңіл көліктер. Ал жүк көліктері мен автобустардың барлық түрінен 9,93 пайыз өнім өндірілген.

 Отандық өнімдерге келетін болсақ, темір тұлпарлар сатылымының үлесі анық байқалған. Lada - отандық автомобильдердің ішіндегі ең сұранысқа ие көлік болып шықты. Сондай-ақ, темір тұлпар жүргізушілері KIA, Hyundai және Chevrolet автокөліктерін тізгіндегенді жөн санайды екен. Мәліметтер LS порталынан алынды. 


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир