|
15.02.2017 | 12:48
1603

Қазақстанда нан қымбаттады

Қазақстанда нан қымбаттады. Жоғары сортты ұннан  пісірілген нанның бағасы 8-9 пайызға көтерілген. Ал, соңғы бір жыл көлемінде бірінші сорттан пісірілген нан өнімдері тіптен 17 пайызға бірақ жетіпті. Былтырғы жылдың қаңтар айымен салыстырғанда қара нанның бір келісін ел тұрғындары 188 теңгеге сатып алып отырған. Ал екінші сұрыптағы нан өнімдерінің келісі 122 теңгеден асады. Ас атасының ең қатты қымбаттауынан Ақтау қаласы көш бастап тұр. Дәмді пәсірілген нанды бұл өңірде 287 теңгеден алуға тура келеді. Оралдықтар да бұл көрсеткіштерден қалысар емес, ол жақтағы нанның ең жоғары көрсеткіші 30 пайызға жетіп, бір келі нанның құны 183 теңгеден сатылған. Ал Шымкент пен Тараз қалаларында өзге өңірлерден қарағанда ұн өнімдері анағұрлым арзандау. Жоғары сұрыптағы ұнның келісі жүз теңгеден аспайды.
Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир