|
21.12.2016 | 11:06
1467

«ҚазАвтоЖол» мекемесінің бірнеше басшысы тұтқындалды

Елімізде «ҚазАвтоЖол» мекемесінің бірнеше басшысы мен есеп комитетінің мемлекеттік аудиторлары тұтқындалды. Оларға аса ірі көлемде пара алып, пара берді деген айып тағылып отыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро қызметкерлері, «ҚазАвтоЖол» компаниясының бас директоры мемлекеттік аудиторларға 16 млн теңге көлемінде ақша бергендерін айтады. Ірі мекеме жетекшілері осылайша, бюджет қаражатын мақсатсыз жұмсағандарын жасырып қалмақ болыпты. Осы іске қатысы бар бірнеше адам уақытша тергеу изоляторына тоғытылған. Қазір соталды тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир