|
15.12.2016 | 10:17
1966

«Қазжеңілөнеркәсіп-Алматы» кәсіпорны қызметкерлер санын ұлғайтпақ

«Қазжеңілөнеркәсіп-Алматы» кәсіпорны қызметкерлер санын ұлғайтпақ. Келесі жылдан бастап қосымша 100-ге жуық маман қабылданады. Қазір мұнда 500-ден астам қызметкер жұмыс істейді. Ұсынатын өнімдердің де қатары көп, аяқ-киім, костюм-шалбар, жейде, күрте, тағы да басқа түрлері жетерлік. Сапасы жағынан шетелдік танымал брэндтерден кем түспейді. Оған қоса, жуырда Италия технологиясымен модельді аяқ-киім шығаратын өндірістің жұмысы іске қосылды. Елімізде теңдесі жоқ кәсіпорын жұмысымен Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов танысты. 

«Жаңа қосқан итальяндық технология бойынша жаңа линияны өндірейін деп жатырмыз. Оның өндірісін көрсетейін деп жатырмыз. Жаңа модельді аяқ-киімдер.  Бізде 12 цех бар. Оның ішінде алтауы аяқ-киім шығарады. Соның бәрін таныстырып, көрсетпек ойымыз бар»,- деді «Қазжеңілөнеркәсіп-Алматы» ЖШС директоры Айбек БЕКТҰРҒАНОВ.

Алматыға арнайы жұмыс сапармен келген министр Бейбіт Атамқұлов қалада әскери техника шығаратын Алматыэнергосервис компаниясында болды. Авиация техникасы мен бронетранспортерден бөлек, кәсіпорында стендтік полигондық, атқыш құрылғысын, интерактивтік тир шығарылады. Сканерлеу және 3D форматта үлгілеу технологиясын қолданыла отырып жасалған техникаларды Біріккен Араб Әмірлігі, Мысыр, Ливия, Пәкістан, Германия, Моңғолия және Ресей елдері сатып алып жатыр. Алдағы уақытта зауыт теңіз техникасын дайындауды қолға алмақ.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир