|
28.12.2016 | 10:36
1133

«ҚазИнвестБанк» лицензиясынан айырылды

«ҚазИнвестБанк» лицензиясынан айырылды. Қазақстан ұлттық банкі аталған қаржы ұйымының жұмысын мәжбүрлеп тоқтату туралы сотқа шағым түсірген. Осыған сәйкес, «ҚазИнвестБанк» банктік және өзге де операцияларды жүргізу құқығынан айырылады. Сонымен қатар, бағалы қағаздар нарығында жұмыс жасай алмайды. Мұндай шешім қаржы институтының төлем және аударым операциялары бойынша шарттық міндеттемелерді дұрыс орындамағандары үшін қабылданып отыр. Ал, банк салымшылары өз депозиттеріндегі ақшаларын Ұлттық банкке өтініш жазу арқылы толығымен қайтарып ала алады.        


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир