|
19.05.2017 | 10:32
1319

Қазынадан бөлінген қаржыны алты министрлік игермеген

Қазынадан бөлінген қаржыны бақандай алты министрлік игермеген. Оның қомақты сомасы Қорғаныс министрлігіне тиесілі. Бұл мәселе Мәжіліс қабырғасында өткен Үкіметтің 2016 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін таныстыру барысында белгілі болды. Пайдаланылмаған қаражаттың жалпы сомасы 36 миллиард теңгені құрап отыр. Қаржы министрінің мәліметінше, игерілмей қалған қаржы 2015 жылмен салыстырғанда 1,7 есеге төмендепті.

«Игерілмеудің негізгі сомалары келесі министрліктер бойынша қалыптасты:  Қорғаныс министрлігі - 29 млрд теңге; Ішкі істер министрлігі - 1,2 млрд. теңге;  Білім және ғылым министрлігі - 1 млрд. теңге;  Сыртқы істер министрлігі - 920,2 млн теңге; Ауыл шаруашылық министерлігі - 870,2 млн теңге; Әділет министрдігі - 759 млн теңге.  Бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану сомасы 2015 жылмен салыстырғанда 1,7 есе азайып 268 млрд теңгені құрады», - деді ҚР Қаржы министрі Бақыт СҰЛТАНОВ.

Бақыт Сұлтанов 2016 жылы бюджеттен бөлінген қаражаттың квазимемлекеттік сектордың қазынашылық шоттарындағы қалдықтары 14,5 миллиард теңгені құрағанын мәлімдеді. Орын алып отырған жағдайды инвестициялық жобаны жүзеге асыруға бөлінетін қаражатты алу тәртібінің өзгеруімен байланыстырды. Мәжіліс қабырғасында Мемлекеттік бюджеттің атқарылуын бақылайтын Есеп комитеті де өз мәліметтерімен бөлісті. Олар өткен жылы 276 нысанда 19 аудиторлық тексеріс жүргізген. Аудитпен қамтылған қаражат көлемі 2 триллион 608 миллиард теңгені құрапты. Жалпы айтқанда, мемлекет қарызы 2016 жылы 11 триллион 437 миллиард теңге болған. Бұл жалпы ішкі өнім көрсеткішінен 26 пайызға төмен.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир