|
26.06.2017 | 10:44
1084

ҚазҰАУ студентін өлтірді деген күдікті сот алдында жауап беруден жалтаруда

Қазақ Ұлттық Аграрлық Университетінің студенті Дидар Болысбекті өлтірді деген күдікті сот алдында жауап беруден жалтаруда. Өйткені, Тойчибек Асамов осымен екінші рет денсаулығының сыр бергенін айтып, сотты кейінге шегеруді сұрады. Тіпті оның қорғаушысы да ауырып қалыпты-мыс. Соның салдарынан, аты шулы іске қатысты кезекті отырыс 27 маусымға шегерілді. Еске сала кетейік, 12 сәуірге қараған түні Қазақ Ұлттық Аграрлық университетінің жатақханасында 20-дан астам бала арасында төбелес болған. Кейін белгілі болғандай, жоғары курс студенттері бірінші курс білімгерлерінен ақша бопсалаған. Нәтижесінде, Дидар Болысбек оқиға орнында қайтыс болған еді. Сот сараптама нәтижесіне сәйкес, 17 жастағы жігіттің жүрегі кеуде тұсына тиген ауыр соққыдан тоқтап қалғаны анықталды. Жантүршігерлік оқиғада жалғыз күдікті ретінде 2-ші курс студенті Тойчибек Асамов қамауға алынған болатын.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

Прямой эфир