|
24.04.2017 | 11:26
1733

ҚАЗҰУ-де энергия көздерінің болашағы мен даму жолдары талқыланды

Жаңартылған энергия көздері - болашақ кепілі. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде энергия көздерінің болашағы мен даму жолдары талқыланды. Жиынға ғылыми қызметкерлер, энергетикалық компания басшылары, технология мен құрылғыларды өндіруші сала мамандары қатысты. Ғалымдар, күннің көзі мен желдің өтінен баламалы энергия қуатын алып жатырмыз деді. Әрі келешекте малдың көңінен де көгілдір газ шығарсақ деп отыр.

«Жаңартылатын энергия көздері еліміз үшін маңызды. «ЭКСПО - 2017» көрмесі де «жасыл экономикадан» басталмақ. Бүгінде қолымыздан келгенінше бұл салада еңбек етіп жатырмыз. Біздің компания желдің өтіннен энергия көздерін алып қазіргі таңда қарқынды еңбек етудеміз»,- деді Компания басшысы, Марат ӘМІРСЕЙІТОВ. ¤

«Болашақта өзімізді ғана энергиямен қамтамассыз етпей сыртқа да сата аламыз. Қарапайым желдің өзі бізге үлкен табыс алып келеді. Мысалға, желдің қатты соғатын орны орталық Қазақстан болып саналады. Сондықтан, заманның талабына сай жүріп жасыл экономикаға қарай бет алуымыз қажет»,- деді Техника ғылымдарының кандидаты, Рүстем МАНАТБАЕВ.

 





Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
Прямой эфир