|
22.02.2017 | 10:25
1357

Қорғаныс министрі қос майорды қызметтерінен босатты

Қорғаныс министрі 91 де 678 әскери бөлім командирі мен штаб бөлімшесінің басшысын қызметтен босатты. Полк командирі Майор Брайлинов пен полк штабының басшысы майор Шойбековтің жұмыстан босатылғандығы туралы Қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Мұхтаров хабарлады. Сондай-ақ, Мұхтаров оларды қызметтен босату туралы шешім сарбаздардың қазасына қатысты тергеумен байланысты емес екендігін айтты. Жамбыл облысында әскери қызметкерлердің қазасына аномальді ауа райы себеп болған. Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов осындай мәлімдеме жасады. Оның сөзінше, жауған жауын-шашын салдарынан күн райы күрт жылынып, тосын қар көшкінін туғызған. Сондай-ақ, қар көшкіні болатындығы туралы ескертілмеді деді министр. 

«Бұл бөлімше таулы аймақтарда әрекет етуге бағытталған, бұл арнайы таулы-егерь полк жасағы. Мұның боларын... Төтенше жағдайлар және "Қазгидромет" жаңбыр жауатынын хабарлаған. Бірақ, қар көшкіні болады деген мәлімет болған жоқ. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша осындай хабарлама болған. Менің ойымша, тергеу комиссиясы барлығын анықтап, мән-жайды толығымен баяндап береді»,- деді ҚР қорғаныс министрі, Сәкен ЖАСҰЗАҚОВ. 

Еске сала кетейік, 17 ақпанда Жамбыл облысында әскери жаттығу кезінде қар көшкіні жүріп, жеті адам қаза тапқан болатын. Қазір оқу-жаттығуды ұйымдастыру, қауіпсіздік шараларын сақтау сынды бағыттарда тергеу жүргізілуде. Қорғаныс министрі басқаратын арнайы комиссия құрылды. Тексеру жұмыстарын үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев жеке бақылауына алды. Қаза тапқандардың отбасыларына қаржылай және моральдық қолдау көрсетілді. Бұдан бөлек, әрбір отбасыға 5 жылдық ақшалай табыс көлеміндегі бір реттік өтемақы төленеді. 

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир