|
04.01.2017 | 10:36
1571

ҚР Тұңғыш Президенті мұражайының директоры қызметінен босатылды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен зейнеттік жасқа толуына орай «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті мұражайының» директоры Алма Сағынғали қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Алма Сағынғалидың орнына кімнің жайғасқаны әзірге белгісіз. Сондай-ақ Президент өкімімен зейнеттік жасқа толуына байланысты Дабыр Қамысбайұлы Іңкәрбаев Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының бірінші орынбасары қызметінен босатылды. Оның орнына Мәлік Кеңесбайұлы Мырзалин келді. Ал, Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары болып тағайындалды. Бұған қоса Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігінің инвестициялар жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары болып Қайрат Қарманов тағайындалды.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир