|
16.01.2017 | 11:34
1063

Қуандық Бишімбаев қамауға алынды

Қуандық Бишімбаев қамауға алынды. Ол қазір Астана қалалық Ішкі Істер Департаментінің уақытша тергеу изоляторында. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы хабарлады. Астананың №2 Алматы аудандық соты экс-министрге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын шығарған. Қазір соталды тергеу жұмыстары жалғасуда. Еске салсақ, 10 қаңтар күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Қуандық Бишімбаевты аса ірі көлемде бірнеше рет пара алды, сондай-ақ, заңсыз қаражатты өз қажетіне жұмсады деген айыппен тұтқындаған болатын.
Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
Прямой эфир