|
27.02.2017 | 10:11
2461

"Құлагер" ықшам ауданының тұрғындары балалар алаңына орнатылған темір дүкенге қарсы

Бала алаңы ма? Базар алаңы ма? «Құлагер» ықшам ауданының тұрғындары балалар ауласына орналастырылған темір дүкенімен не істеуге болатынын білмей дал. Контейнер халықты қажетті азық-түлікпен қамтып отырғанымен, өзге де тұрғындарға қолайсыздық туғызып жатқан көрінеді. Десе де, балалар ойнайтын орынға сауда лашығы неге қойылған деген заңды сұрақ туады? Тақырыпты тілші тарқатады.

Бұл - нәпақа табу үшін аула ортасына орнатылған, халықты керек-жарақ, азықпен қамтып отырған шағын контейнер-дүкен. Тұрғындар үшін қолжетімді әрі ыңғайлы. Десе де, контейнердің балалар ауласына орнатылғанына жол болсын. Мұны жұрт елемеуі мүмкін, әйткенмен заң бәріне бірдей екені де бар. 4 баланың анасы Зайтунам Максутова бұл контейнермен алысып жүргеніне біраз болған екен. Себебі, дәл үйінің іргесінде тұрған дүкен оларға қолайсыздық тудырған. 

«Біз тұратын үйдің дәл тұсына орнатылғандықтан, тереземізді жауып тастайды. Күннің дұрыс түспеуі де бізге қолайсыз. Сонымен қатар, олар пәтерден тікелей электрэнергия тартып отыр, бұл өте қауіпті ғой»,- деді Алматы қаласының тұрғыны, Зайтунам МАКСУТОВА. 

Алайда, тұрғындардың көбіне бұл дүкен еш ыңғайсыздық туғызбайтындай көрінеді. Керісінше, халық үшін қолайлы, жақын, ең бастысы мұндағы азық-түлік бағалары арзан екен.

Бұл мәселенің туындағанына бір жылдай болыпты. Азық-түлік контейнері аула тұрғындарының біріне ұнаса, енді бірінің көңілінен шықпайды. Біз дүкен қожайынымен тілдеспекке ұмтылып едік, бұнымыздан еш нәтиже шықпады...

Ал аудан әкімдігінде дүкен қожайынының жеке кәсіпкер ретіндегі тиісті құжаттары бары белгілі болды. Бірақ, балалар ауласына арналған орынға заңсыз темір контейнер орнату мүмкін еместігі де айтылды.

«Контейнер бойынша шара қолданылады. Кезінде ол тұрғындардың өзінің өтінішімен орнатылған екен. Қазір енді 2-3 күннің ішінде шара қолданып, оны алып тастауға тырысамыз»,- деді Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің орынбасары, Дамир ӘКЕЖАНОВ. 

Назкен Байтілес, Рашид Шүкірәлиев, «Алматы» телеарнасы



Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

Прямой эфир