|
21.06.2017 | 10:46
1250

ҰБТ барысында компьютерден ұялы телефон қолданғандар көрініп қалды

Бұл кабинетте Ұлттық біріңғай тестілеудің барысын тап сол сәтте компьютерден бақылауға болады. Қобалжу тек талапкерлер ғана емес, ата-аналардың өзінде де сезіледі.

Таң алакеуімнен тестілеуге кіргізер алдында барлық тәлімгерлерді жіті тексеріп, рұқсат етілмеген заттарды алып жатса да, компьютер арқылы тестілеу барысын бақылап отырған ата-аналар ұялы телефонды қолданғандарды көріп қалды.

Уайымдағандардың денсаулығы сыр берсе жедел-жәрдем көмекке келуге дайын. Дайын болғанда олар да тестілеу басталысымен осында кезекші болып, алғашқы жәрдем көрсетуде. Көбі психологиялық көмекті қажет етеді екен.

Осы жылы тестілеуден өтіп жатқан түлектер ҰБТ-ны жаңа форматпен тапсыруда. Жалпы сұрақ саны 120 болса, ең жоғарғы балл 140-ты құрайды. Кейбір сұрақтарда бірден үш нұсқа дұрыс болуы мүмкін.Тестілеуді алғашқы болып аяқтаған Нұртас аудитория ішіндегі атмосфера жайлы айтып берді. Рұқсат етілмеген заттарды қолдану мүмкін болды ма деген сұраққа жауап қатты. 

«Жоқ, қолданбадық. Бәрі өте строго болды. Әркім өз білімін көрсетеді осы тестілеуде. Енді жауапты күтеміз»,- деді Талапкер, Нұртас ҚАБАНБАЕВ. 

ҰБТ әлі 11 күн жалғасады. Алғашқы күннің қорытындысы бойынша, әзірге көз жасын төккендер аз, ал жақсы әсерде қалған абитуриенттер көп деп айтуға болады.

Айдана Мейрамбайқызы, Нұржан Оразбеков, «Алматы» телеарнасы



Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир