|
20.06.2017 | 14:46
2048

Ұлыбритания астанасы Лондонда жүк көлігі бір топ адамды қағып кетті

Ұлыбритания астанасы Лондонда жүк көлігі бір топ адамды қағып кетті. Оқыс оқиғадан 1 адам қаза тапты. 8 адам ауруханаға жеткізілген. Апат дүйсенбіге қараған түні қаланың солтүстік-шығысында іргелес тұрған Финсбери Прак метр станциясы мен мешіт маңында болған. Олар мешіттен кешкі намаздан шығып келе жатқан. Оқиға орнына келген жергілікті полиция қызметкерлері бір күдіктіні тұтқындады. Құқық қорғау орган өкілдері келгенше оларды куәгерлер ұстап тұрған. Күдіктінің мұндай қадамға не итермелегені әлі белгісіз. Бұл шабуыл теракт деп болжануда. Премьер-министр Тереза Мэй «КОБРА» төтенше жағдай комитетімен шұғыл кеңес өткізді. Оқиға орнына қаруланған полиция жіберілді. Күдіктілердің бірі көргенін айтып берді.

«Алдын-ала ақпарат бойынша Лондондағы оқиғадан зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматтары жоқ»,- деді Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі, Әнуар ЖАЙНАҚОВ.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир