|
27.03.2017 | 11:36
1691

Ұлыстың ұлы күнін Медеу мен Түрксіб аудандары ерекше тойлады

Самарқанның көк тасы еріген Ұлыстың ұлы күнін Медеу мен Түрксіб аудандары да тойлады. Мейрамда шеберлер көрмесі ұйымдастырылып, ұлттық өнерден сайыс өтті.

Ақ дастархан, наурыз көже, арқа-жарқа ағайын. Мерекенің нағыз қызған шағы. Қаланың дөп ортасында орналасқан Абай алаңына Медеу ауданының жұрты жапа-тармағай ағылды. Халық арасында арқан тарту, қазақша күрес, асық ату сияқты түрлі ойын-сауық ұйымдастырылды. Биыл мерекені тойлау үшін кең алаң таңдалып, жиырмаға жақын киіз үй тігіліпті.

«Халықтың көңіл-күйі өте көтеріңкі. Бес мыңға жуық халық осында қонаққа шақырылды. Өзіміздің тұрғындар бар, басқа аудандардан, биыл біз әдеттегідей былтырғыдан қарағанда республика алаңын таңдадық. 20-ға жуық киіз үй тіктік. Әрбір киіз үйдің атауы бар қарап отырсаңыздар. Ауданның әр қызмет, прокуратурасы, салық басқармасы, денсаулық сақтау бөлімі, әкімшілік басқа да бір бір киіз үйден тікті», - деді Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі Ержан ЖЫЛҚЫБАЕВ.

Бұқа тартысқа түсіп, асық атқан жарыстың қызығына балалар емес, жас жігіттер де араласты. Ұлттық ойынның қызығына түсіп, өзара бәсекеге түскен Түрксіб ауданының тұрғындары әз-Наурыз тойының көркін қыздырды. Аудандағы Сәкен Сейфуллин атындағы саябақта ақшаңқа үйлер тігіліп, мерекенің басты мәзірі Наруыз көжеден көпшілік дәм татысты.

«Бауырсақ пісіріп, палауда жасалып, наурыз көжеде таратылып жатыр. Оның барлығы бір мыңнан астам адамға  беріледі. Алматы биыл жастарды қаласы болды. Спорт мерекесін, ұлттық ойындарды ойнатылып жатыр», - деді Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің орынбасары  Мұхтар ТӘЖІБАЕВ.

Түрксіб ауданында 220 мыңдай халық тұрады. Олардың бес мыңға жуығы кәсіпкерлікпен айналысып, аудан әл-ауқатының өсуіне өзіндік үлес қосып келеді. Тек соңғы екі айда 600 ден астам жаңа жұмыс орны ашылған. Саябаққа кірер қақпада халықты көтеріңкі көңіл күймен қарсы алу үшін күйшілер де жайғасқан. Сәнді сахнада әсем әуен шырқалып, халыққа  жаңа жылдың бастауы туралы көріністер көрсетілді.

Назкен Байтілес, Рашит Шүкірәлиев, «Алматы» телеарнасы



Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

Прямой эфир