|
19.04.2017 | 10:10
1365

Әбілязов офшорлық компаниялар арқылы 264 миллион доллар қарпып үлгерген

Әккі амалды Әбілязов офшорлық компаниялар арқылы 264 миллион доллар қарпып үлгерген. Бұл туралы «БТА» банкінің қаражатын ұрлау ісі бойынша өтіп жатқан кезекті сот отырысында мәлім болды. Сорланған банк алғашқы аударымды 2006 жылы жасапты. Ол кезде қаржы ұйымы Әбілязовтың бақылауындағы «Rimos Limited» компаниясына 136 миллион доллар аударған. Қап қаражат «Бизнес элит» фирмасын қаржыландыруға бөлініпті. Кейін, тап осындай тәсілмен «Строй элит» фирмасын жетілдіруге 128 млн доллар несие беріледі. Әуелде, «БТА» банкінен алынған әлгі ақшаға Мәскеу маңынан жер телімін алу көзделіпті. Кейін, ат шаптырым аумаққа коттедж қалашығын салу жоспарланған.

Тергеу кезінде мәлім болғаны - ақша аударымдары жасалған соң, Мұхтар Әбілязов сатып алынған жер телімдерін сатып жіберген. Ал, банктен несиеге алынған 264 млн доллар әлі күнге өтелмепті.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир