|
18.03.2017 | 11:23
1459

Әбілязов сотта бой көрсетпеді

Әбілязов сотта бой көрсетпеді. Алматыда қашқын банкирдің ісі бойынша сотта алдын ала тыңдалым басталды. Отырысқа миллиардтаған ақшаны жымқырды деген айып тағылып отырған қылмыстық топтың басты фигуранты Мұхтар Әбілязов қатысқан жоқ. Айыпталып отырғандар: БТА Банкі басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары және кредиттік комитеттің бұрынғы төрағасы Жақсылық Жарымбетов, банктің кредит беру бойынша бұрынғы директоры Қайрат Садықов және БТА Банктің бұрынғы басқарма төрағасы Садуақас Мәмеш. 

«Қылмыстық кодекстің 320 бабы бойынша қылмыстық ісінің сотқа түскеннен кейін, сот бұл істі ауданаралық мамандандырылған сотта қаралады ма, әлде, істі тоқтату, болмаса уақытша доғару жөнінде шешім шығарады»,- деді Алматы қаласының Қылмыстық іс жөніндегі ауданаралық сотының төрағасы, Мәртпек КӘКІМЖАНОВ.

Процесстің барлық қатысушылары басты фигурантсыз отырысты жалғастыруға келісті. Айыпталушылар Мұхтар Әбілязовтың мекендеген жерін білмейтінін жеткізді. Қаперде болса, соңғы сегіз жыл Әбілязовтың ісі бойынша тергеу жүрді. Қылмыстық іс 2 мың 224 томнан тұрады. 205 куәгер бар. Іс фигуранттары ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, өзгенің мүлкін иемденді, заңсыз тапқан ақшасын заңдастырмақ болды, банк қаржысын заңсыз пайдаланды және қызметтік өкілетін асыра пайдаланды деп айыпталып отыр. Тергеу дерегі бойынша, айыпталушы тарап, шамамен 7,5 миллиард доллар шығын келтірген. 

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир