|
17.05.2017 | 10:55
1066

Әбілязовтың ісі бойынша өтіп жатқан қылмыстық іске жуырда нүкте қойылады

Әбілязовтың ісі бойынша өтіп жатқан қылмыстық іске жуырда нүкте қойылады. 23 мамырда сотқа қатысып жатқан прокурор, адвокаттар соңғы ұсыныстарын айтпақ. Осы аралыққа дейін куәгерлерді тыңдау аяқталып, жарыссөз басталады. Ал сот отырысында судья несие беруге қол қойған күдіктілердің қолтаңбасын сараптамаға жіберу туралы адвокаттың өтінішін қабалдамады. Өйткені, соттың алдына құжаттың түп нұсқасы емес, көшірмесі ұсынылған. Ал ондай көшірмемен БТА банктен өзге компанияларға несие беру туралы қолтаңбаны анықтау оңай емес. Үш сағатқа созылған сот отырсында күдікті Садуакас Мемештің қорғаушысы құжаттардағы қолтаңбаның нақты иелерін анықтау туралы өтініш айтқан еді.

«Шығынды өтеу сақтандыру компанияларының қаржысы арқылы өндіріледі. Мәселен миллион доллар сақтандырылса, құжатты дайындаған компания қаржының 90 пайызын халықаралық сақтандыру орындарына қайта сақтау туралы іс жүргізген. Мына істегі 1 миллион доллардың 90 пайызы 900 мың теңге. Ал жергілікті компания тек 100 мың теңге шығарып қана жауапкершіліктен құтылған»,- деді Куәгер, Ерғали БЕГЕМБЕТОВ.

Зардап шегуші тараптардың айтуынша, БТА банктен алынған миллиондаған долларды сақтандыру жұмысыда бұрмаланған. Өйткені, несие бес жылға берілгенмен, сақтандыру тек бір жылға ғана жасалыпты. Берілген несие қайтарылмасада оны жоқтаған ешкім болмаған. Мұхтар Әбілязовтың үстінен жүріп жатқан қылмыстық істе  БТА банкінің тағы үш менеджері тергеліп жатыр. Сот тергеу ісі барысында екі жүзге жуық куәгерден жауап алыну жоспарланған.  Екі мың томдық қылмыстық істе 7,5 миллиард доллардың қалай қолды болғаны анықталатын болады.



Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир