|
15.02.2017 | 12:25
1301

Әблязовтың 7 миллиард долларды қалай жымқырғаны жария етілді

Мұхтар Әблязовтың 7миллиард долларды қылмыстық жолмен қалай жымқырғанын  коррупцияға қарсы қызмет жария етті. Экс-банкир өзіне бағынышты компаниялардың атынан БТА банкінің акцияларын сатып алып, жалған түрде капиталын көтеріп отырған. Осылайша, қаржы мекемесі шет елдік инвесторлар мен қазақстандықтарға тұрақты дамып жатқан банк ретінде көрінген. Тергеу нұсқасы бойынша, 2005-2008 жылдар аралығында инвесторлар қаражаты мен азаматтардың депозит ашуынан Банк капиталы 8 есеге артқан. Содан кейін, қаржы Әблязовтың көптеген компанияларына несие ретінде бағытталып отырған. Соңында Ресей, Украина, Ұлыбритания, АҚШ және Франция елдерінде қымбат активтерді иелік етіп отырған. Айта кетейік, Коррупцияға қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Мұхтар Әблязовты кезекті рет тергеуге шақырды. Бұл жолы ол 15 ақпанға дейін Астанадағы бюро кеңсесіне тергеуге келуі қажет.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир