|
28.02.2017 | 10:14
8803

Әлемнің ең үздік фильмдері анықталды

Әлемнің ең үздік фильмдері анықталды. Лос-Анджелесте кино саласының ең беделді "Оскар" жүлдесінің 89-шы марапаттау рәсімі өтті. Сыйлықтар дәстүр бойынша «Долби» театрында табысталды. Шараның қорытындысы бойынша, "Үздік фильм" номинациясын Барри Дженкинстің "Лунный свет" картинасы жеңіп алды. Бұдан бөлек, қандай туындылардың жұлдызы жанды? Толығырақ келесі бейнематериалда.

14 номинация бойынша «Оскарға» ұсынылған "Ла-Ла Ленд" мюзиклі, қазылардың шешімімен алты марапат алды. Ал, «Үздік фильм» номинациясын режиссер Барри Джекинстің драмалық «Лунный свет» туындысы қанжығалады. Айтулы шараға арнайы келген қонақтардың қатарында «Ла-Ла Ленд» фильміндегі ойыны үшін «Үздік әйел рөлі» номинациясын жеңіп алған Эма Стоун да көрінді. Ол марапттаудан кейін фильмнің «Оскар» сыйлығын аларын әу бастан білгенін жасырмады.

«Мен шараға келгелі «Үздік әйел рөлі үшін» марапатталатынымды сезіп тұрдым. Бірақ, расымен де мені дауыстап шақырғанда, қатты толқыдым»,- деді Актриса, Эма СТОУН.

«Үздік ер адам рөлі» үшін Кейси Аффлек марапатталды. Ол құнды сыйлықты «Манчестер у моря» фильміндегі рөлі үшін алды. Туындыда бас кейіпкер мен оның әкесінен жетім қалған 16 жастағы немере інісінің күрделі қарым-қатынасы баяндалады. Ал, «Үздік режиссер» ретінде «Ла-Ла Ленд» туындысын түсірген Дэмьен Шазелл таңдалды. 32 жастағы режиссер Американдық кинематография академиясы бұрын-соңды марапатталған ең жас режиссер болды. Оның туындысы "Үздік операторлық жұмыс", "Үздік музыка" және "Үздік суретшілік жұмыс" номинацияларын да қанжығалады.

«Екінші пландағы үздік рөлі» үшін марапат «Ограды» драмасында ойнаған Виола Дэвиске бұйырды. Осындай номинация бойынша жүлде "Лунный светте" ойнаған Махершал Алиге берілді.   Мел Гибсонның «По соображениям совести» фильмі  "Үздік монтажы" және "Үздік дыбысы" үшін қос бірдей «Оскарды» қанжығалады.  "Үздік визуалды эффектілер" номинациясы бойынша «Книга джунглей» марапатталды. Ал,  "Зверополис" үздік анимациялық фильм болды.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир