|
18.08.2017 | 11:39
1527

Әуе қорғаныс күштерінің арнайы құтқару жасағы өз әлеуеттерін көрсетті

Осы тұста, әуе қорғаныс күштерінің арнайы құтқару жасағы да өз әлеуеттерін көрсетті. Сарбаздар дайындықтарын пысықтап, ептілік танытты. Олар оқу-жаттығу шарасын қапыда болатын жайттармен пара-пар санайды. Өйткені, айтып келмейтін апатқа қашан да дайын болулары керек.

26 жастағы Әулет Кенжебеков бала кезінен ұшқыш болуды армандапты. Мақсатына жету үшін оқыды-тоқыды, қазір білдей бір бөлімнің басшысы.  Айтуынша, табандылық пен жауапкершілік қызметте өте қажет қасиеттер. Азаматтық парызы мен мамандығын ұштастырған Әулет жыл сайын біліктілігін шыңдап отырады.

«Өзім кішкентай кезімнен армандағанмын. Мен осы әскери әуе қорғаныс күштерінде 2008 жылдан бері қызмет жасап жатырмын. Парашютпен 200 секіру жасадым», - деді «53/898» әскери бөлімінің іздестіру-құтқару және парашюттік-десанттық қызмет басшысы Әулет КЕНЖЕБЕКОВ

Парашютпен секірмес бұрын, бірнеше маңызды жайттарды ұмытпау керек дейді сарбаз. Ең басты талап - қауіпсіздік болғаннан кейін, парашютті жинаудың өзі бір өнер. Одан қалды желдің жылдамдығын да өлшеуді ұмытпау керек.

Әскери тікұшақ қажетті биіктікке көтерілді. Қазір ұщқыштарымыз 600 метр биіктіктен секіретін болады. Ал бұған дейін олар парашюттерін дайындап, нұсқаулықтан өткен болатын.

Сала мамандарының негізгі қызметі төтенше жағдай кезінде көмек көрсету үшін техника бара алмайтын жерге дер кезінде жету. Сол үшін де осындай оқу-жаттығу шаралары керек-ақ дейді олар.

«Бүгінгі шара бізде жылдағыдай жоспар бойынша өтіп жатыр. Бұл шара жылына 4-5 рет өткізіледі. Өткізу мақсаты - біздің ұщқыштарымыздың қауіпті жағдайда аман қалу үшін өзіне деген сенімділігін арттыру үшін керек», - деді парашюттік-десанттық қызмет бөлімінің жетекшісі Аршын РЫСБЕК.

Айта кетейік, биыл әуе қорғаныс күштері үшін айтулы жыл. Осыдан 19 жыл бұрын Президенттің «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін реформалау жөніндегі шаралар туралы» жарлығын орындау үшін құрылған еді.

Азамат Әуезхан, Нұрлан Өтеген, «Алматы» телеарнасы Ақмола облысынан


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир