Ботаникалық бақта альпакалар пайда болды - әзілге тұрғындар сеніп қалды

botsadkz
botsadkz

Жазба соңында 1-сәуір – күлкі күні екенін айтып, әзілдегенін жеткізген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ботаникалық бақ Оңтүстік Американың сүйкімді жануары – альпакаларды алып келетінін хабарлайды. Жазба соңында 1-сәуір – күлкі күні екенін айтып, әзілдегенін жеткізген, деп хабарлайды Almaty.tv.  

«Барлық табиғат әуесқойлары үшін тамаша жаңалық: Бас Ботаникалық бақта альпакалар пайда болды! Бұл сүйкімді, мейірімді жануарлар жаңа көрнекті орынға ғана емес, сонымен қатар табиғатқа қамқорлықтың тірі символына айналады... Альпаканы арнайы питомниктен әкелдік, ал ботаникалық бақ қызметкерлері осы жануарларды күтіп-баптау бойынша осыған дейін дайындықтан өткен. Егер жоба сәтті болса, онда болашақта олардың санын көбейтіп, шағын табын құру, тіпті ұрпақ алуға тырысамыз. Жақында Алматының Бас Ботаникалық бағы таңғажайып өсімдіктер әлемінің мекені ғана емес, сонымен қатар планетадағы ең сүйкімді жануарлардың жайлы бұрышына айналады! Үлпілдек альпакалармен кездесіп,  суретке түсіп алыңыздар, бұл сіздің әлеуметтік медиа арнаңыздың ең маңызды сәті болатыны сөзсіз! Енді бүгінгі датаны мұқият қараңыз... 1 сәуір! Бірақ бұл шындық болып шықса керемет емес пе?», - деп жазған бақтың SMM бөлімі. 

Желі қолданушылары ботаникалық бақтың мәлімдемесіне шын сеніп қалғанын жасырмады.

Оқи отырыңыз: Алматы қаласындағы тұрғын үй нарығы қарқынды дамып келеді

Новости партнеров