Мемлекет басшысын әуежайда Өзбекстан премьер-министрі қарсы алды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев іссапармен Самарқанд қаласына барды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – Еуропа Одағы» саммиті мен «Жаһандық климат сын-қатерлері кезеңіндегі Орталық Азия» халықаралық конференциясына қатысу үшін Самарқанд қаласына келді», - делінген хабарламада.
Мемлекет басшысын әуежайда Өзбекстан Премьер-министрі Абдулла Арипов қарсы алды.
Оқи отырыңыз: Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен Өзбекстанға барады