Таяу Шығыс елдерінен келген ұшақтар Қазақстан әуежайларына қонды
Depositphotos.com
Қазіргі таңға дейін барлығы 1 мыңға жуық жолаушы қайтарылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
4 наурыз күні Таяу Шығыс елдерінен қайтарылған Қазақстан азаматтары мінген ұшақтар ел әуежайларына келіп қонды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Белгілі болғандай, Air Astana компаниясы Медина мен Жиддадан бірнеше рейс орындады:
- KC2202 рейсі Ақтау қаласына сағат 21:28-де қонды, бортта 142 адам болды;
- KC2208 Медина – Атырау бағыты бойынша сағат 01:19-да қонды, 145 адам;
- KC2206 Жидда – Атырау бағыты бойынша сағат 02:50-де қонды, 174 адам;
- KC2204 Жидда – Атырау бағыты бойынша сағат 03:34-те қонды, 179 адам болды.
Сонымен қатар SCAT әуе компаниясы Boeing 767 әуе кемесімен Алматы – Маскат – Алматы бағыты бойынша рейс орындалып жатыр. Ұшақта шамамен 290 орын бар.
Көлік министрлігінің хабарлауынша, қазіргі таңға дейін Қазақстанға 946 жолаушы қайтарылды.
Қазақстан азаматтарын елге қайтару жұмыстары жалғасып жатыр.
Оқи отырыңыз: 4 наурызда Астана мен Алматыда доллар қанша теңгеден сатылып жатыр
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33