Медеу мұз айдынында жаппай сырғанау шарасы өтті

Қалалық Полиция департаменті мен Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры ұйымдастырған жиынға белсенді студенттер қатысып, тегін коньки тепті

Медеу мұз айдынында жаппай сырғанау шарасы өтті Фото: ktk.kz

Медеу мұз айдынында «Жас Energy» жаппай сырғанау шарасы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Қалалық Полиция департаменті мен Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры ұйымдастырған жиынға Алматының белсенді студенттері қатысып, тегін коньки тепті. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында өткен демалыс шарасында патриоттық әндер шырқалып, түрлі көріністер сахналанды.  

«Осындай іс-шаралар жастардың әлеуетін көтереді деген ойдамын. Тек қана спорттық емес, денсаулық, көңіл көтеру тұрғысынан тамаша шара болып жатыр», – дейді студент Арман Тасқалиев.

Одан бөлек, тәртіп сақшылары жастарға салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында есірткіге қарсы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, зиянды заттардан аулақ болуға шақырды. Ал ұйымдастырушылар мұндай шараларды алдағы уақытта да өткізуді жоспарлап отыр.

«Жастарға айтайын дегенім, біздің ұранымыз – салауатты өмір салтын сүру. Спортпен айналысыңдар, біз есірткіге қарсымыз», – деді ПД есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасы басшысының орынбасары Сағындық Аяғанов.

«Біз мұндай шараларды үнемі ұйымдастырып отырамыз. Жастар қашанда белсенді болу керек. Қала жастарына айтарым, мұндай демалыстардан тыс қалмай, біздің қатарымызға қосылыңыздар», – дейді ұйымдастырушы Александра Мартынчик.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир