|
26.11.2021 | 15:00
3202

Алматыда электронды казино ұйымдастырған азамат 4 жылға сотталды

Ол заңсыз ойын мекемесін ашып, 25 миллион теңгеден астам пайда тапқан

Алматыда электронды казино ұйымдастырған азамат 4 жылға сотталды ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі

Алматыда электронды казино ұйымдастырған азамат 4 жылға сотталды. Ол заңсыз түрде жекеменшік ойын мекемесін ашып, 25 миллион теңгеден астам пайда тапқан, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Қаржылық мониторинг агенттігінің өкілдері оны қылмыстық заңнаманы бұзып қана қоймай, патологиялық тәуелділікті туғызып, адам денсаулығына зиян келтіргені үшін де айыпты деп танып отыр.

Департамент қызметкерлері үй-жайды тексеру барысында 46 бірлік техника мен тыйым салынған бизнес түрін ұйымдастыруға мүмкіндік беретін қосымшаларды анықтаған.

«Алматы қаласының экономикалық тергеп-тексеру департаменті Алматы қаласы аумағында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған азамат Зайцевқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын аяқтады.  Аталған қылмыстық іс тергеумен аяқталып, сотқа жолданып, қазіргі таңда Әуезов аудандық сотының үкімімен айыпталушы кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылды», – деді Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ресми өкілі Жақсылық Мырзахан. 

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир