|
26.11.2021 | 16:47
1237

Құлсарыда жеті баланың анасын өлтіріп кетті

Қанды қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 25 жастағы ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды

Құлсарыда жеті баланың анасын өлтіріп кетті egemen.kz

25 қарашада түнде Атырау облысы Жылыой ауданының Құлсары қаласында әйелдің мәйіті табылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақ Жайық сайтына сілтеме жасап.

35 жастағы әйелді бірнеше жерден пышақтап кеткен. Әйел ауыр жарақаттың салдарынан жедел жәрдем келгенше оқиға орнында көз жұмды. Қылмыстың себебі анықталып жатыр.

Қайтыс болған әйелдің артында күйеуі, жеті баласы қалды.

Осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен Жылыой ауданының тумасы, 25 жастағы ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі нақтыланған ақпаратты кейін беретінін мәлімдеді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир