|
28.11.2021 | 10:05
3725

Жамбыл облысының тасжолында бірнеше көлік соқтығысты

Зардап шеккен адам жоқ

Жамбыл облысының тасжолында бірнеше көлік соқтығысты ҚазАқпарат

Батыс Еуропа – Батыс Қытай автожолының Жамбыл облысы аумағындағы учаскесінде бірден бірнеше жол-көлік апаты болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жамбыл облысы Полиция департаментінен мәлім еткендей, көктайғақ пен жолдың нашар көрінуінен жол апаттарына 7 көлік түскен. Бірнеше жүк көлігі жолдың тайғақтығы салдарынан аударылған. 

«Жол-көлік апаттарында зардап шеккен адамдар жоқ. Оқиға тексеріліп жатыр», деді ведомстводан. 

Айта кетейік, Жамбыл облысында ауа райының бұзылуы байқалуда – қар, көктайғақ және тұман. Қардың мол түсуіне байланысты полицейлер өңір аумағында күшейтілген қызмет режиміне көшті.



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир