|
22.11.2022 | 21:07
930

Сайлау-2022: Халықтың көзқарасы өзгерген - Алмат Қодасбаев.

Сайлау-2022:  Халықтың көзқарасы өзгерген - Алмат Қодасбаев.

«Сайлауға дайындық барысында қалалық мәслихат депутаттары ауқымды жұмыс атқарды» деп атап өткен депутат Алмат Қодасбаев халықтың көзқарасы өзгергенін атап өтті.

«Сайлауға дайындық барысында қалалық мәслихат депутаттары ауқымды жұмыс атқардық. Халықтың көзқарасы өзгерген. Күнделікті қойылатын әлеуметтік мәселеден басқа, сот жүйесі, игерілмей қалған жерлерді халыққа бөліп беру, президент сайлауының жеті жылға ұзаруы, болашақ жастар үшін Ұлттық қордан бөлінетін ақша жайында сұрақтар қойылды. Жауабын алды. Сайлауалды бағдарламасымен толық таныстырған Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа, Қазақстанға деген жоспары 7 жылда толық іске асады деп ойлаймын», – деді Алматы қалалық мәслихатының депутаты Алмат Қодасбаев.

Еске салайық, Орталық сайлау комиссиясының отырысында 20 қарашада өткен Қазақстан Президенті сайлауының ресми қорытындылары жарияланды. Қорытынды бойынша, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Президенті болып сайланды. Президенттің ант беру күні 26 қарашаға белгіленді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

сайлау
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир