|
26.11.2021 | 20:48
780

NFC-35: Алматыда аралас жекпе-жектен халықаралық турнир өтіп жатыр

Ұйымдастырушылар мұндай жекпе-жектер алдағы уақытта да өтетінін айтты

NFC-35: Алматыда аралас жекпе-жектен халықаралық турнир өтіп жатыр Almaty.tv

Алматыда NFC-ден 35-рет халықаралық турнир өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Жекпе-жек кешінде 30 спортшының қатысуымен 15 кездесу өтеді. Кіл мықтылар бас қосқан додада ел атынан Райымбек Орынбай, Бағлан Жақанша және Нұржан Жолдыбай сынды спортшылар бақ сынасады. Және қыздардан Нұрсәуле Сархад өнер көрсетеді.  

«Алматы Арена» спорт кешеніндегі атмосфераны сөзбен жеткізу мүмкін емес. Турнирдің басты жекпе-жегі қырғызстандық Жакшылык Сатылғанұлы мен ресейлік Магомед Кабардиевтың және қазақстандық Райымбек Орынбай мен Николай Самусевтың арасында өтеді. Әзірге 5 кездесу аяқталды. Қазақ спортшылары біртіндеп жеңіске жетіп жатыр.

Одан бөлек, бүгінгі турнирді тамашалауға келгендердің арасында Шавкат Рахмонов пен Елдос Сметов және Айдар Шәрібаев сынды белгілі спортшылар бар. Шавкат Рахмонов осыған дейін 14 жекпе жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. 

Ал осы Naiza ұйымының президенті Нұрбек Қарабаланың айтуынша, бүгінгі кеште барлық санитарлық талап сақталған. Яғни көрерменнің 70 пайызына кіруге рұқсат. Одан бөлек, ұйымдастырушылар мұндай жекпе-жектер алдағы уақытта да өтетінін айтады.

«Алдағы уақытта осындай жекпе-жектерді жиі өткізу жоспарланып отыр», – деді «Naiza Fighting Championship» лигасының Президенті Нұрбек Қарабала.

Мерей Қанапиянов, «Алматы» телеарнасы 

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир