|
03.02.2023 | 20:59
1119

Алматыда грек-рим, еркін және әйелдер күресінен VI спартакиада басталды

Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтіп жатқан жарыс 7 ақпанға дейін жалғасады

Алматыда грек-рим, еркін және әйелдер күресінен VI спартакиада басталды Almaty.tv

Бүгін Алматыда грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Қазақстанның  VI спартакиадасы басталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Спорттық додада республикалық маңызы бар 3 қаладан және еліміздің 17 өңірінен келген кіл мықтылар бақ сынайды.

Бүгін - алғашқы күн. Сайыстың салтанатты ашылуы әнұранмен басталып, дәл қазір әр өңірден келген споршылар өзара кіл мықтыны анықтауға кірісіп кетті. Айта кетсек, білектің күші сынға түскен жарысқа 650-ге жуық палуан қатысып жатыр.

«Бүгін грек-рим күресінде 5 салмақ дәрежесінде жүлдегерлер анықталады. Ертең де дәл осылай жеңімпаздар мен жүлдегерлердің аты аталады. Еркін, грек-рим, әйелдер күресінен 30 салмақ дәрежесінде 4 жылда бір рет болатын сайыстың үздіктері белгілі болмақ», – деді ҚР Күрес федерациясы баспасөз қызметінің жетекшісі Аспандияр Есенжолов.

Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтіп жатқан жарыс 7 ақпанға дейін жалғасады. Үздік деп танылған палуандар Ұлттық құрамаға алынады. Одан әрі халықаралық деңгейде бақ сынап, Әлем және Азия чемпионатында еліміздің намысын қорғайтын болады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир