|
25.11.2021 | 13:26
3156

Солтүстік Кореяда "Кальмар ойыны" сериалын оқушыларға сатқан ер адам өлім жазасына кесілді

Билік аталған жайтты ауыр қылмыс қатарына жатқызып, сериалды заңсыз сатылымға шығарған өнім иесін өлім жазасына кесті

Солтүстік Кореяда "Кальмар ойыны" сериалын оқушыларға сатқан ер адам өлім жазасына кесілді grozniy.bezformata.com

Солтүстік Кореяда қаралымы бойынша үздік тізімге енген оңтүстіккореялық "Кальмар ойыны" сериалын мектеп оқушыларына жасырын сатқан ер адам өлім жазасына кесілді. Аталған елде бұл фильмді көруге тыйым салынған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Express Qazaqstan-ға сілтеме жасап.

Rfa.org ақпараттық сайтының мәліметінше, ер адам "Кальмар ойыны" сериалын Қытайда дискіге жазып, елге заңсыз алып келген. Кейін мектеп оқушыларының контрафактілік өнімді сатып алғаны белгілі болды.

Билік аталған жайтты ауыр қылмыс қатарына жатқызып, сериалды заңсыз сатылымға шығарған өнім иесін өлім жазасына кесті.

Сонымен қатар оны сатып алған мектеп оқушысы өмір бойына бас бостандығынан айырылса, Оңтүстік Корея өнімін көрген 6 бала ауыр жұмысқа жегілді. Мектеп әкімшілігі мен ұстаздар да оқушыларын қадағаламағаны үшін жұмыстан шығарылып, шахтада жазасын өтейді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир