|
20.10.2021 | 10:09
1650

Алматыда бір тәулікте 4 272 адам КВИ екпесін алды

Вакцина алған 60 жастан асқан қарт кісілер саны – 119 875

Алматыда бір тәулікте 4 272 адам КВИ екпесін алды sputnikvaccine.com

2021 жылғы 20 қазанға арналған вакцинация және коронавирус инфекциясцының таралуы бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

2021 жылдың 19 қазанға күні жағдай бойынша коронавирус инфекцияcын жұқтырған 312 адам анықталды (жергілікті), оның 303-і – симптомдық белгілері бар және 9-ы – симптомсыз ауырғандар.

Барлық емделіп шығарылғандар – 113, келіп түскені – 127.

Инфекциялық стационарларда (3 179 төсек-орын) жалпы саны 1 255 адам (оның ішінде 31 балалар) емделіп жатыр.

Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде жатқандар –  129.

ӨЖЖ – 27, инвазивті емес ӨЖЖ – 72, High flow-да 20 аппарат жұмыс істейді.

Бүгінгі таңда БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 2 694 науқас жатыр, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде – 2 594, симптомсыз 100 науқас бар.

Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде  КВИ вакцинасының 1-компонентін – 1 581 адам, 2-компонетін 2 691 адам вакцинацияланды.

Биылғы 1 ақпан мен 14 қазан аралығында қала бойынша  1-компонентін – 981 759 адам, 2-компонентін 906 264 адам алды.

Вакцина алған 60 жастан асқан қарт кісілер саны – 119 875.

Бүгінгі таңда қалада медициналық ұйымдарда, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың СОСО-да 160 вакцинация пункті жұмыс істейді. 237 вакцинация бригадасында 1 028 медицина қызметкерлері жұмылдырылды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Прямой эфир