«Алматы» телеарнасы – «Оңтүстік Астана» ТРК» АҚ эфирлік бренді. 1999 жылы қалалық телевизия базасында құрылған.

2010 жылы аймақтық арнадан республикалық телеарнаға түрленіп, 2016 жылдың ақпан айында өңірлерді тұтас қамтитын ұлттық цифрлық хабар таратушылардың тізімне енген. Қазір бізді «Отау ТВ» республикалық спутниктік телевизиясы арқылы Қазақстанның кез келген аймағындағы көрермен тамашалай алады. Одан бөлек, барлық кабельдік операторлар желісі арқылы хабар таратады.  


Тәулік бойы орташа хабар тарату уақыты – 19 сағат. Эфирден берілетін бағдарламалардың 55% мемлекеттік тілде көрсетіледі.   


Телеарнаның Астана қаласында тілшілер қосыны бар. Одан бөлек, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы серіктестерімен тығыз байланыс орнатқан.  


Телеарнадағы басымдық жаңалықтар бөліміне берілген. Журналистер Алматы, Астана және өзге де өңірлерде болып жатқан маңызды оқиғаларды тікелей эфирде қалың көпшіліктің назарына ұсынады. «Алматы» телеарнасының тілшілері тек тексерілген деректерге сүйене отырып,  экономикалық, саяси, мәдени және әлеуметтік маңызы бар мәселелерді тілге тиек етеді.


Арна эфирінен көрсетілетін хабарлардың мазмұны жан-жақты қамтылған. Көрермендердің назарына кино көрсетілімдер, сараптамалық және танымдық жобалар, ойын-сауықтық және музыкалық бағдарламалар, деректі фильмдер, роликтер мен концерттер ұсынылады.     

 

Кино сүйер қауым телеарна эфирінен шым-шытырыққа толы мелодрамалық және комедиялық сериалдарды тамашалайды. Олар отандық, ресейлік, түрік және қытайлық өнімдер. Ал, демалыс күндері кеңестік, қазақстандық, шетелдік және заманауи фильмдерінің алтын қорынан алынған киноларды көре алады. Одан бөлек, мереке күндері ойын-сауық шаралар мен концерттерді телеарна тікелей эфирде қалың көрерменнің назарына ұсынады.


Біз әрбір көрерменнің талмағын ескеріп, бұқараның көңілінен шығу үшін қолда бар соңғы үлгідегі жабдықтарды пайдаланамыз.


«Алматы» телеарнасы - мобильді, технологиялық және инновациялық телекомпания атану үшін аянбай еңбек етіп жатыр. Төл өнімдердің сапалы болуына жіті мән береді. Сондықтан көзі қарақты көрермен назарына тек  маңызды жаңалықтарды, жан-жақты зерттелген сараптамалық жобаларды, жұрт қызыға қарайтын мәдени-танымдық және ойын-сауықтық бағдарламаларды ұсынып келеді.  


Ұмытылмас эмоция мен жаңа келбет, тың идея мен ілкімді істер, қатпарлы тарих тек «Алматы» телеарнасында!